Ерте жүктілік мәселелері

14.02.2023

2023 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 3 қалалық емхананың әйелдер консультациясының акушері Б.Ж.Хайруллинамен студенттердің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты-қыздарды жастық қателіктерден сақтандыру, аурулардың алдын алу және қажетсіз жүктіліктен қорғау. Медицина қызметкері қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның қандай әдістері тиімді екенін айтты. Әңгіме барысында ерте жүктілік пен түсік түсірудің, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға баса назар аударылды. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.



Текст
Виртуальная приемная